Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Уругвай құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Уругвай құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Бірінші санымызда қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы жайлы жазған едік. Енді бүгін ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы жайлы сөз етеміз.

Уругвай мемлекеті:

Толық аталуы: Уругвай Шығыс Республикасы. Оңтүстік Америкада орналасқан. Жер аумағы 176 215 км².Халқы 3,5 млн.

Уругвай жер аумағы жағынан Оңтүстік Америкадағы ең кіші мемлекеттердің бірі. Бірақ, дамуы өте жақсы. Оның үстіне халықтың еркіндігі, теңдігі жоғары жолға қойылған ел. Адам құқығының сақталуы тұрғысынан әлемдегі ең озық елдердің бірі саналады.

Футболы:

Уругвай футболы жайлы сөз еткенде тұңғыш кезекті Әлем чемпионатының дәл осы елде өткенін айтпай кету мүмкін емес.

1930 жылы өз елінде өткен бірінші кезекті Әлем чемпионатында топ жарды. Финалда Аргентина құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

1950 жылы Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатының финалы өзгеше мәнерде өтті. Төрт құрама топтық кезең үлгісінде чемпионды анықтады. Швеция, Испания, Бразилия құрамаларымен чемпиондыққа таласқан Уругвай футболшылары соңғы ойында алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіп, екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Осыдан кейін екі мәрте әлем чемпиондарынан әл кетті. Оңтүстік Американың мықтысы енді Аргентина мен Бразилия болды. Ал уругвайлықтар екінші сортты құрамалар қатарына қосылды.

Ал одан кейінгі ең жарқын жетістігі - Әлем чемпионатының төртінші орны. Ең соңғы рет 2010 жылы осы межеден көрінді. Оңтүстік Африка елінде өткен турнирдің жартылай финалында 2:3 есебімен Голландияға есе жіберді.

СбоÑÐ½Ð°Ñ Ð£ÑÑÐ³Ð²Ð°Ñ - Ñемпион миÑа 1930 года

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның сәуір айында жариялаған тізімінде Уругвай құрамасы 21-ші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Оңтүстік Америка футбол қауымдастығына (CONMEBOL) мүше он ел құрамасының арасында екінші орын (Бразилияны алға жіберіп) алып, Ресейге келу мүмкіндігіне ие болды. Барлығы 18 матч өткізді. Соның 9-ын жеңіп, 4 матчта тең түсіп, 5 ойында жеңілді. 32 гол соғып, 20 гол жебіріп алды.

Бас бапкері:

Аты: Оскар Табарес

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2006 жыл

Елі: Уругвай

Туған жылы: 1947 жыл 3 наурыз

Маңызды ойыншылары:

Уругвай құрамасы әлемге атақты шабуылшыларымен мақтануға әбден толымды. Еуропаның ең беделді командаларында доп тебетін сұрмергендері қарсылас қақпасына қауіп төндіруге қашанда дайын.

Луис Суарес

Туған жылы: 1987 жылы 24 қаңтар

Командасы: «Барселона»

Суарес сөз жоқ үздік шабуылшы. Еуропа футболынан аз болса да хабары бар адам Суаресті таниды. Биыл «Барселона» сапында 38 ойынға қатысып, 23 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.

2010 жылғы Әлем чемпионатында қақпасына кіріп бара жатқан допты қолымен ұстап алып, командасын жеңілістен құтқарып қалған сәті жанкүйер қауымының жадында қалды. Футболда рұқсат етілмеген тәсілмен Гана құрамасын жолдан шығарып тастаған Суарес биыл сұрмергендік қасиетімен құрамасын өрге сүйремек.

âÑÑÑгвай ÑÑÑбол ÑбоÑнаÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Эдинсон Кавани

Туған жылы: 1987 жылы 14 ақпан

Командасы: ПСЖ

Отандасы Суарестен бар болғаны 20 күн ғана кіші. Екеуі Еуропада екі таудың бөрісі болғанымен, ұлттық құрамада көтерер жүгі біреу ғана.

Кавани да керемет шабуылшы. Ұлттық құрама сапында бүгінге дейін 42 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша біз сәл ертерек сөз еткен Луис Суареске ғана жол беріп тұр. Суарес Уругвай құрамасы үшін 50 гол соққан.

Диего Годин

Туған жылы: 1986 жылы 16 ақпан

Командасы: «Атлетико»

Годин ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчын бар болғаны 19 жасында өткізді. Содан бері 13 жыл бойы өз елінің бас командасында доп теуіп жүр. Құрамадағы ең тәжірибелі ойыншы.

Еуропадағы қорғанысы ең мықты командалардың бірі саналатын «Атлетиконың» ең мықты қорғаушысы. Өте байыпты, ойлы ойыншы. Дене қуаты да өте мығым, оған жасыл алаңда жинаған мол тәжірибесін қосыңыз. Шынымен де тасқамал қорғаушы.

ç¸å³å¾ç

Топтағы жағдайы:

Уругвай құрамасы Ресей, Сауд Арабиясы, Египет командаларымен бірге А тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда уругвайлықтардың бұл топтан шығарына сенуге болады. Тіпті, топта бірінші орын алуға да мүмкіндік мол.

Уругвай – Египет

Жанкүйер қауым бұл ойынды үздік шабуылшылардың текетіресі болады деп жүр. Оңтүстік Америкалықтар сапында қандай шабуылшылар бар екенін баста айттық, ал Египет құрамасын Англия Премьер лигасының биылғы үздік ойыншысы Мохаммед Салах бастап келеді.

Қос құрама тарихта бір мәрте ғана кездескен. Ол матчта Уругвайдың жолы болған екен.

Бұл матч 15 маусым күні Астана уақыты сағат 18:00-де «Екатеринбург Арена» алаңында өтеді.

Уругвай – Сауд Арабиясы

Қос құраманың бұған дейін екі мәрте жолдары түйіскен. Уругвай екі ойында да жеңіске жете алған жоқ. Бір рет жеңіліп, бір мәрте тең ойнаған.

Кездесу 20 маусым Астана уақыты 21:00-де «Ростов Арена» стадионында өтеді.

Уругвай – Ресей

Уругвайдың топтық кезеңдегі соңғы ойыны турнир қожайындарына қарсы өтеді. Осы ойын топтың көшбасшысын анықтауы мүмкін.

Екі команда тарихта 8 мәрте кездескен. Өкініштісі, біз сөз етіп отырған құрама бар болғаны бір мәрте ғана жеңіске жеткен. Ал орыстар 5 матчта жеңген. Қалған 4 ойын тең аяқталған.

Бұл ойын 25 маусым Астана уақытымен 20:00-де басталады. Матч «Самара Аренада» өтеді.

Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер