Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Англия құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Англия құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына бір айдан аз уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Біз бұдан бұрын қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы, ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы және Әлем чемпионатын ең көп жеңген Бразилия құрамасы жайлы жазған едік. Енді бүгін футболдың Отаны Англия құрамасы туралы сөз қозғаймыз.

Аладоп Англияда дүниеге келген.

Қазіргі заман футболының түп-тамыры Англиядан тарайды. Бұл елдің ұлттық құрамасы XIX ғасырдың 70-ші жылдары құрылды. 150 жылдық тарихы бар.

Англия футбол қауымдастығы әлемдегі ең көне қауымдастық. 1863 жылы құрылған. Ол халықаралық футбол қауымдастығынан (FIFA. 1904 жылы құрылған) 41 жыл бұрын, ал Еуропа футбол қауымдастығынан тіпті бір ғасырға жуық ерте құрылған (UEFA. 1954 жыл).

âÐÐ½Ð³Ð»Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ 1966âçå¾çæç´¢ç»æ

Ұлттық футболының тарихы осынша бай болғанымен, англиялықтар Әлем чемпионатында толағай табыстарға жете алған жоқ. Әрине, бұл сөзді «футболдың отаны» деген атына салыстырмалы түрде ғана айтып отырмыз. Әйтпесе, бір мәрте әлем чемпионы атанып (1966), алты мәрте үздік төрт құраманың қатарынан табылу кез-келген команданың тақиясына тар келмейді.

Әлем чемпионаты алғаш ұйымдастырыла бастағанда әлем футболының атасы біз деп санаған олар FIFA-мен тіл табыса алмады. Осылайша, алғашқы үш кезекті (1930/34/38 жылдар) Әлем чемпионаты Англия құрамасысыз өтті. Бұлар қатыспағанға бола FIFA-ның қылшығы қисаймайтынын білген соң ғана Англия футбол қауымдастығы қатарға қосылды.

Бұдан бөлек тағы үш мәрте (1974/78/94) Әлем чемпионатының іріктеуінен өте алмай қалғандары бар. Демек, Англия құрамасы осы күнге дейін өткен 20 чемпионаттың 14-іне ғана қатысты.

Тағы бір қызық дерек, 1950 жылы өздері қатысқан алғашқы Әлем біріншілігінде Англиялықтар топтан шыға алмай қалды. Топтық кезеңде Испания және АҚШ құрамаларына 0:1 есебімен есе жіберді. Бірақ, Англия ақпарат құралдары ел ішінде АҚШ құрамасын 10:1 есебімен жеңдік деп ақпарат таратқан көрінеді.

Әлемдік БАҚ-тың күлкісіне қалған осы ақпарат кейін шындыққа айналды. 1963 жылы Англия құрамасы АҚШ футболшыларын 10:0 есебімен жеңді.

Ал 1966 жылы өз елінде өткен Әлем чемпионатында Бобби Чарльтонның бастауында Уругвай (0:0), Мексика (2:0), Франция (2:0), Аргентина (1:0), Португалия (2:1), ГФР (4:2) құрамаларын жеңіп чемпион атанды.

Англия футболының аңызы - Бобби Чарльтон

Англия футболының аңызы - Бобби Чарльтон

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Англия құрамасы 13-ші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Англия құрамасы Ресейге жолдама алу үшін F тобында Словакия, Шотландия, Словения, Литва, Мальта футболшыларымен бірге өнер көрсетті. 10 ойынның 8-ін жеңіп, қалған екеуінде тең түсті. Топта бірінші орын алып, Әлем чемпионатына жолдама алды. 18 гол соғып, 3 гол жіберіп алды.

Бас бапкері:

Аты: Гарет Саутгейт

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2016 жыл 30 қараша

Елі: Англия

Туған жылы: 1970 жыл 3 қыркүйек

Маңызды ойыншылары:

Англия Премьер лигасы әлемдегі ең тартысқа толы чемпионат саналады. Ал Англия құрамасына шақырылған 23 футболшы түгелдей АПЛ-де доп тебеді. Мүмкін Англия ұлттық құрамасы өзге елдерден барлық футболшысы бір чемпионатта өнер көрсететінімен ерекшеленетін шығар.

Харри Кейн

Туған жылы: 1993 жылы 28 шілде

Командасы: «Тоттенхэм»

Екі айдан кейін екінші мүшеліне толатын Кейн Еуропадағы атақты шабуылшылардың бірі бүгінде. Лондондық команда сапында үш жыл қатарынан өзінің үздік ойынымен көзге түсіп келеді.

Оны алдағы жазда өз қатарынан көргісі келетін алпауыт командалар аз емес. Харри биыл АПЛ-де 30 гол соқты. Егер маусым ортасында жарақат алып, бінеше матчты жіберіп алмағанда нәтижесі бұдан да жақсы болар еді.

âÐеле Ðлли и ÑаÑÑи кейнâçå¾çæç´¢ç»æ

Деле Алли

Туған жылы: 1996 жылы 11 сәуір

Командасы: «Тоттенхэм»

Харри Кейннің командаласы. Жас болса да командаға бас бола алатынын көрсетіп жүрген керемет ойыншы. Шабуылды ұйымдастыру және түйіндеу қабілеті күшті.

Голды да соғады, нәтижелі пас шығарудың да шебері. Осы маусымда Англия чемпионатында 9 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Бұл екеуінен бөлек, Англия құрамасына шақыру алған футболшылардың көбі «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Ливерпуль», «Арсенал» сынды атақты командаларда өнер көрсетеді.

Осыған қарап мамандар Англия құрамасы жақын жылдардағы ең жарқын нәтижесін Ресей жерінде көрсетеді деп болжап отыр.

Топтағы жағдайы:

Англия құрамасы Әлем чемпионатында Бельгия, Панама және Тунис құрамаларымен бірге G тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда англиялықтардың топтан шығуға әбден мүмкіндігі бар. Үздік ойыншылары өте көп Бельгия құрамасымен топта бірінші орынға таласары сөзсіз.

Англия – Тунис

Англия құрамасы Тунис футболшыларымен бұған дейін екі мәрте кездескен. Әрі бір ойында жеңіп, бір ойында тең түскен. Тунис ойыншыры Англияны қалай жеңу керек екенін дәл қазір зерттеп жатқан болу керек.

Бұл кездесу 19 маусым Астана уақыты 00:00-де «Волгогрд Арена» стадионында өтеді.

Ангия – Панама

Бұл құрамалар ешқашан кездеспеген. Кездесулер тарихы Ресей елінде жазлығалы тұр.

Бұл матч 24 маусым күні Астана уақыты сағат 18:00-де «Нижний Новгород» стадионында өтеді.

Англия – Бельгия

Екеуі де еуропалық команда болғандықтан кездесулер тарихы аз емес. Бұл жұпта англиялықтардың бәсі басым. Соңғы 11 матч бойы Бельгия құрамасынан жеңілмей келеді.

Бұл кездесу G топында кімнің бірінші орын алатынын шешетін ойын болуы мүмкін. Топтағы соңғы ойында қай жеңгені топ жеңімпазы болуға мүмкіндік алады.

Бұл ойын 29 маусым Астана уақыты 00:00-де «Калининград» стадионында өтеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын құраманың бас бапкері Гарет Саутгейт Ресейге баратын 23 футболшының есімін атаған еді:

âÐаÑÐµÑ Ð¡Ð°ÑÑгейÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Қақпашылар: Джек Батланд (Сток Сити), Джордан Пикфорд (Эвертон), Ник Поуп (Бернли);

Қорғаушылар: Трент Александер-Арнольд (Ливерпуль), Гари Кэхилл (Челси), Фил Джонс, Эшли Янг (екеуі де – Манчестер Юнайтед), Харри Магуайр (Лестер), Данни Роуз, Киран Триппьер (екеуі де – Тоттенхэм), Джон Стоунз, Кайл Уокер (екеуі де – Манчестер Сити);

Жартылай қорғаушылар: Деле Алли, Эрик Дайер (екеуі де – Тоттенхэм), Джордан Хендерсон (Ливерпуль), Фабиан Делф (Манчестер Сити), Джесси Лингард (Манчестер Юнайтед), Рубен Лофтус-Чик (Челси);

Шабуылшылар: Харри Кейн (Тоттенхэм), Маркус Рашфорд (Манчестер Юнайтед), Рахим Стерлинг (Манчестер Сити), Джейми Варди (Лестер), Данни Уэлбек (Арсенал).


Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер