Магомед Адиев бапкерлік мансабының болашағы туралы айтты

Магомед Адиев бапкерлік мансабының болашағы туралы айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «МЛ Витебск» клубынан кеткеннен кейін түскен ұсыныстар мен алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірнеше клубпен сөйлестім, алайда әзірге нақты келісім жоқ. Қыркүйекте Бірінші лига командаларынан және жақын шетелдегі клубтардан ұсыныстар түсті. Бірақ оларды қабылдамауды жөн көрдім. Ресей Премьер-лигасынан ешкім хабарласқан жоқ», – деді Адиев.

Еске салайық, ресейлік маман 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін Қазақстан құрамасын басқарды. Осы аралықта ұлттық құрама 21 матч өткізіп, 11 рет жеңіске жетті, бір рет тең ойнап, тоғыз кездесуде жеңілді.

Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында өз тобында жеңімпаз атанып, Еуро-2024 турниріне жолдама беретін өтпелі матчтарға дейін жетті. Бұған дейін маман қарағандылық «Шахтерді» де жаттықтырған (2021–2022).

Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін Адиев ресейлік «Ахмат», «Химки» және «Крылья Советов» клубтарында жұмыс істеді.

Маманның соңғы жұмыс орны беларусьтік «МЛ Витебск» болды. Ол команданы 2026 жылдың 28 сәуірінен 22 маусымына дейін басқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнады және екі кездесуде жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама