Покатиловтың «Барселонаға» қарсы матчтағы ойыны бағаланды
Flashscore аналитикалық порталы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында өткен «Сабах» – «Барселона» (1:4) кездесуіндегі футболшылардың ойынын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әзербайжандық клубтың қазақстандық қақпашысы Станислав Покатилов алаңға капитандық таңғышпен шығып, 90 минут бойы өнер көрсетті.
Төрт гол жіберіп алғанына қарамастан, қазақстандық қақпашы тоғыз сейв жасап, 1,12 күтілетін голдың (xGOT) алдын алды және 25 дәл пас берді. Кездесу қорытындысы бойынша Flashscore порталы Покатиловтың ойынын 6,8 балға бағалады.
Бакуде өткен матчтың үздік ойыншысы каталониялық клубтың ағылшындық вингері Энтони Гордон атанды. Дубль жасаған футболшы 8,6 балл жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или