Мексикада 26 жастағы футболшыны атып өлтірді

Мексикада 26 жастағы футболшыны атып өлтірді

Мексикалық футболшы Луис Альберто Риос Чавес әуесқой командалар арасындағы матчтан кейін қарулы шабуылдың құрбаны болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайғылы оқиға 22 қарашада Гуанахуато штатындағы Ирапуато қаласының «Ла Эстрелья» футбол алаңында болған. Мотоцикл мінген қарулы адамдар матчтан кейін спорт кешенінің аумағында жүрген футболшыға оқ атқан.

26 жастағы Чавес алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Шабуыл салдарынан тағы бір ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Қылмыстың себептері әзірге белгісіз.

Риос Чавес бұған дейін Мексика чемпионатының төменгі дивизиондарында «Атлетико Сан-Франсиско» клубының намысын қорғаған. Соңғы уақытта ол әуесқой «Арандас» командасында өнер көрсетіп, «Лорос» футбол академиясында балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама