Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Бразилия құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Бразилия құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына бір айдан аз уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Біз бұдан бұрын қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы мен ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы жайлы жазған едік. Енді бүгін ең көп әлем чемпионы атанған Бразилия құрамасы жайлы сөз қозғаймыз.

Бразилия мемлекеті:

Толық атауы: Бразилия Федеративтік Республикасы. Оңтүстік Америкада орналасқан ел. Жер аумағы 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. Астанасы Бразилиа қаласы.

Бразилия Латын Америкасы елдерінің ішінде дамуы жағынан болсын, экономикалық күш қуаты жағынан болсын ең озық ел. XVI-XIX ғасырда Португалияның отары болғандықтан португал тілі мемлекеттік тіл саналады.

Осы жерде Бразилия халқының қазақтарға бір ұқсастығын айта кетейік. Бұларда қазақтар секілді үнемі кешігіп жүретін ел. Қазақстанда тойға қонақтар 2-3 сағат кешігіп келу қалыпты жағдай саналады. Бразилияда да дәл осылай екен.

Футболы:

Анығында Бразилия жайлы сөз болса еске ең алдымен футбол түседі. Әлемнің бес дүркін чемпиондары адамдарға футболдың отаны Англия екенін ұмыттырғалы қашан. Осы елден шыққан әлем футболының жарық жұлдыздарын түгендеп өтудің өзі қиын.

Тағы бір айта кетерлігі, Бразилия құрамасы 1930 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әр кезекті Әлем чемпионатының барлығына қатысқан бірден-бір құрама.

ç¸å³å¾ç

Осы аралықта оңтүстік америкалықтар бес мәрте әлем чемпионы атанып ғана қоймай (1958, 1962, 1970, 1994, 2002), әр кезде басты фавориттердің бірі болды.

Өкініштісі, соңғы үш чемпионатта жолдары болмай жүр. Тіпті, 2014 жылы өз елінде өткен турнирде де мәреге жете алмады. Жартылай финалда Германия құрамасынан 1:7 есебімен жеңілгені әлем футболы тарихындағы ірі оқиғалардың бірі болды.

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Бразилия құрамасы 2-ші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Оңтүстік Америка футбол қауымдастығына (CONMEBOL) мүше он ел құрамасының арасында бірінші орын алып, Ресейге апаратын билетке елден бұрын қол жеткізді. Барлығы 18 матч өткізді. Соның 12-ін жеңіп, 1 матчта жеңіліп, 4 ойында тең түсті. 41 гол соғып, 11 гол жебіріп алды.

Бас бапкері:

Аты: Тите

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2016 жыл 15 маусым

Елі: Бразилия

Туған жылы: 1961 жыл 25 мамыр

Маңызды ойыншылары:

Баста айқанымыздай Бразилия құрамасы қай кезде де талантты ойыншыға кенде болған емес. Өткен ғасырда «Футбол королі» атанған Пеледен тартып бүгінге дейін үздік ойыншы үзілген емес.

Неймар:

Туған жылы: 1992 жылы 05 ақпан

Командасы: ПСЖ

Неймар - әлемнің бүгінгі таңдағы ең қымбат ойыншысы. Былтыр жазда «Барселонадан» ПСЖ командасына 220 млн еуроға ауысып, рекорд жаңартты.

26 жастағы футболшы керемет талантымен жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне ие болып отыр. Роналду мен Мессиден кейінгі үшінші адам деп бағаланған Неймар осы маусымда ПСЖ сапында 30 ойынға қатысып, 28 гол соқты және 16 голдық пас шығарды. Егер ақпан айында жарақат алып қалып, маусымды ерте аяқтамаса нәтижесі бұдан да жоғары болар еді.

Неймар Бразилия құрамасы сапында қазірдің өзінде 53 гол соғып үлгерді. Атақты Пеленің өзі 77, ал Роналдо 62 ғана гол соққанын ескерсек Неймардың ұлттық құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген болуы уақыттың ғана еншісінде тұрғанын байқаймыз.

ç¸å³å¾ç

Филиппе Коутиньо

Туған жылы: 1992 жылы 12 маусым

Командасы: «Барселона»

Тите бастаған Бразилия құрамасының тағы бір маңызды ойыншысы. Техникасы мықты, шабуылды ұйымдастыру қабілеті жоғары, голдық пас шығарудың хас шебері. Бұған қоса алыстан бағыттаған соққысы да өте қауіпті. Оны өз қатарына қосу үшін биыл қыста каталониялық клуб 160 млн еуро шығындалды.

Осы кезекті Әлем чемпионатына іріктеу сынында Коутиньо 13 ойынға қатысып, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Марсело

Туған жылы: 1988 жылы 12 мамыр

Командасы: «Реал Мадрид»

Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты сол қаптал қорғаушыларының бірі. Қорғаныста ғана емес шабуылда да керемет өнер көрсететін Марсело футбол жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы.

Бразилия құрамасының капитаны болуға лайқты ойыншылардың бірі. Он жыл бойы Еуропаның үздік командасы«Реал Мадрид» сапында доп теуіп жүрген Марсело Бразилия құрамасының Ресей жерінде басты үміт артарларының қатарынан саналады.

âмаÑÑело бÑазилиÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Топтағы жағдайы:

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатында Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен бірге Е тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда бразилиялықтардың плей-офф кезеңіне өтеріне ешкім күмән келтірмес. Тіпті, топта бірінші орын алады деп сенуге де болады.

Бразилия – Швейцария

Бразилия мен Швейцария құрамалары бұған дейін 8 мәрте жолыққан. Оның үшеуі бразилиялықтардың, екеуі Швейцарияның пайдасына шешілген. Тағы үш ойын тең аяқталған. Доп айырмасы 10 да 8. Әлем чемпионатында бір рет ғана кездескен. 1950 жылғы біріншіліктің топтық кезеңінде қос команда 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын.

Бұл кездесу 18 маусым Астана уақыты 00:00-де «Ростов Арена» стадионында өтеді.

Бразилия – Коста-Рика

Қос құрама тарихта он мәрте кездескен. Соның тоғызында Бразилия, біреуінде Коста-Рика жеңіске жеткен. Доп айырмасы 32 де 9. Ал командалардың жолы Әлем чемпионатында екі мәрте түйісіп, екеуінде де латын америкалықтардың жолы болған. Бразилия құрамасы 6 гол соғып, 2 гол жіберген.

Бұл матч 22 маусым күні Астана уақыты сағат 18:00-де «Санкт-Петербург» стадионында өтеді.

Бразилия – Сербия

Бұл екі құрама осы күнге дейін 19 рет кездескен. Себебі, Сербия бұрын Югославияның құрамында болғанын бәріміз білеміз. Бүгінгі 6 мемлекеттің бірлігінен тұратын Югославия өткен ғасырда футболда әлсіз ел болған жоқ.

Бразилия осы 19 ойынның онында жеңіп, жетеуінде тең түскен. Екі матчта ғана еуропалықтардың жолы болған. Доп айырмасы 37 де 23. Ал Әлем чемпионатында 4 мәрте күш сынасқан. Қос құрама бір-бір реттен жеңіске жеткен. 2 ойын тең аяқталған. Доп айырмасы 4 де 3.

Кездесу 28 маусым Астана уақыты 00:00-де «Открытие Арена» стадионында өтеді.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын құраманың бас бапкері Тите Ресейге баратын 23 футболшының есімін атаған еді:

Қақпашылар: Алиссон («Рома», Италия), Эдерсон («Манчестер Сити», Англия), Кассиу («Коринтианс», Бразилия).

Қорғаушылар: Данилу («Манчестер Сити», Англия), Фагнер («Коринтианс», Бразилия), Марселу («Реал», Испания), Филипе Луис («Атлетико», Испания), Тиагу Силва, Маркиньюс (оба – «ПСЖ», Франция), Миранда («Интер», Италия), Педру Жеромел («Гремиу»).

Жартылай қорғаушылар: Каземиру («Реал», Испания), Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Паулинью, Филиппе Коутинью (екеуі де – «Барселона», Испания), Фред («Шахтер», Украина), Ренату Аугусту («Бэйцзин Гоань», Қытай), Виллиан («Челси», Англия).

Шабуылшылар: Дуглас Коста («Ювентус», Италия), Неймар («ПСЖ», Франция), Тайсон («Шахтер», Украина), Габриэл Жезус («Манчестер Сити», Англия), Роберту Фирмину («Ливерпуль», Англия).


Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер