Әлем футболы

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия құрамасы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бразилиялықтар осыдан төрт жыл бұрын өз жерінде өткен Әлем чемпионатында жартылай финалда сүрінген болатын. Биыл да сол межеден төмендемеуді мақсат тұтары сөзсіз.

Құраманың бас бапкері Тите осы ауыр міндетті арқалайтын 23 футболшының есімін атады.

Қақпашылар: Алиссон («Рома», Италия), Эдерсон («Манчестер Сити», Англия), Кассиу («Коринтианс», Бразилия).

Қорғаушылар: Данилу («Манчестер Сити», Англия), Фагнер («Коринтианс», Бразилия), Марселу («Реал», Испания), Филипе Луис («Атлетико», Испания), Тиагу Силва, Маркиньюс (оба – «ПСЖ», Франция), Миранда («Интер», Италия), Педру Жеромел («Гремиу»).

Жартылай қорғаушылар: Каземиру («Реал», Испания), Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Паулинью, Филиппе Коутинью (екеуі де – «Барселона», Испания), Фред («Шахтер», Украина), Ренату Аугусту («Бэйцзин Гоань», Қытай), Виллиан («Челси», Англия).

Шабуылшылар: Дуглас Коста («Ювентус», Италия), Неймар («ПСЖ», Франция), Тайсон («Шахтер», Украина), Габриэл Жезус («Манчестер Сити», Англия), Роберту Фирмину («Ливерпуль», Англия).

Естеріңізге сала кетейік, Бразилия құрамасы Әлем чемпионатында Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен Е тобында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер