Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Португалия құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Португалия құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына бір айдан аз уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Біз бұдан бұрын қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы, ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы, Әлем чемпионатын ең көп жеңген Бразилия құрамасы және футболдың Отаны Англия құрамасы жайлы жазған едік. Бүгін ең жаңа Еуропа чемпионы Португалия құрамасы туралы сөз қозғаймыз.

Португалия футболы

Португалия ежелден бері Еуропа футболының сәнін келтіріп келе жатқан құрама. Футболда Еуропаның бразилиялықтары саналатын пиреней түбегінің елі аладопта ешкімнен жөн сұрай қоймайды.

Бірақ, ірі турнирледе топ жарып, жүлде салған сәттері сирек. Әлем чемпионатындағы ең жақсы нәтижесі – 1966 жылы Англияда өткен турнирдің қола жүлдесі. Ал Еуропа чемпионатында 2016 жылы тұңғыш рет топ жарды.

Португалия ұлттық құрамасының негізі 1914 жылы қаланды. Алайда, өткен ғасырда Әлем чемпионатына екі-ақ рет қатысқан. Баста айтқан өз сөзімізге өзіміз қарсы шыққандай болсақ та шындығы осы. 1966 жылы өздері қатысқан алғашқы Әлем чемпионатында атақты Эйсебионың бастауында үшінші орынды иеленді. Ал 1986 жылы Мексикада топтық кезеңнен аса алмай қалды.

âпоÑÑÑÐ³Ð°Ð»Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ 1966 ÑйÑебиоâçå¾çæç´¢ç»æ

Жаңа ғасырдың табалдырығын аттаған соң португалиялықтар біз баста айтқан мақтауларға лайық өнер көрсете бастады. Луиш Фигу бастаған Португалия футболының «Алтын дәуірі» Криштианудың кереметтерімен жалғасты.

XXI ғасырда халықаралық ірі турнирлердің бірде-бірі пиренейліктерсіз өткен жоқ. Әсіресе Еуропа чемпионатында ең тұрақты өнер көрсететін, алпауыт командаға айналды. Соның заңды нәтижесіндей 2016 жылы Франция жерінде құрлық чемпионы атанды.

Әлем чемпионатында да нашар өнер көрсеткен жоқ. Әсіресе 2006 жылы Германияда Фигу мен Роналдудың бастауында төртінші орынға табан тіреді. 2010 жылы Оңтүсік Африкада болашақ чемпион Испания құрамасына жол берсе, 2014 жылы өкінішке орай топтан шыға алмай қалды.

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Португалия құрамасы 4-ші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Португалия құрамасы Ресейге жолдама алу үшін В тобында Швейцария, Венгрия, Фарер аралдары, Латвия, Андорра футболшыларымен бірге өнер көрсетті. 10 ойынның 9-ын жеңіп, қалған біреуінде жеңіліп қалды. Топта бірінші орынды иеленіп, Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 32 гол соғып, 4 гол жіберіп алды.

Бас бапкері:

Аты: Фернанду Сантуш

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2014 жыл 23 қыркүйек

Елі: Португалия

Туған жылы: 1954 жыл 10 қазан

Маңызды ойыншылары:

Маңызды ойыншылары дегенде кімді жазу керек екенін футболдан аз ғана хабары бар адамның бәрі біледі. Бүгінгі Португалия құрамасының Әлем чемпионатын жеңіп алуға үміткерлер қатарында тұруы да дәл осы футболшының арқасы.

Біз бес мәрте «Алтын доп» иегері, атақты «Реал Мадрид» командасының тарихтағы ең үздік шабуылшысы, бүгінгі футболдың нағыз төресі – Криштиану Роналду туралы айтып отырмыз.

âÑÐ¾Ð½Ð°Ð»Ð´Ñ Ð¿Ð¾ÑÑÑÐ³Ð°Ð»Ð¸Ñ Ð¸ пепеâçå¾çæç´¢ç»æ

Португалия құрамасын «Роналду және оның командаластары» деп атауға әбден болады. Роналду қасындағы қарапайым ойыншыларды бастап құрамасын өрге сүйреп келеді. Бұл сөзімізді дәлелдеу үшін Өткен тарихты қопармай-ақ осы кезекті іріктеу сынында Португалия құрамасының Роналду қатыспаған жалғыз ойында жеңіліп (Швейцария), ол алаңға шыққан тоғыз матчта жеңгенін айтсақ та жеткілікті.

Роналдудан бөлек, Пепе мен Рикарду Куарежманы, жастардан Бернарду Силваны атауға болады.

Құрамы:

Осыдан бірнеше күн бұрын құраманың бас бапкері Фернанду Сантуш Ресейге баратын 23 футболшының есімін атаған еді:

Қақпашылар: Антони Лопеш («Лион», Франция), Бету («Гезтепе», Түркия), Руй Патрисиу («Спортинг»);

Қорғаушылар: Бруну Алвеш («Рейнджерс», Шотландия), Седрик Суариш («Саутгемптон», Англия), Жозе Фонти («Далянь Ифан», Қытай), Марий Руй («Наполи», Италия), Пепе («Бешикташ», Түркия), Рафаэл Геррейру («Боруссия» Дортмунд, Германия), Рикарду Перейра («Порту»), Рубен Диаш («Бенфика»);

Жартылай қорғаушылар: Адриэн Силва («Лестер», Англия), Бруну Фернандеш («Спортинг»), Жоау Мариу («Вест Хэм», Англия), Жоау Моутинью («Монако», Франция), Мануэл Фернандеш («Локомотив», Ресей), Виллиам Карвалью («Спортинг»);

Шабуылшылар: Андре Силва («Милан», Италия), Бернарду Силва («Манчестер Сити», Англия), Криштиану Роналду («Реал», Испания), Желсон Мартинш («Спортинг»), Гонсалу Гедеш («Валенсия», Испания), Рикарду Куарежма («Бешикташ», Түркия)

Португалия құрамасының қорғаныс шебі көңіл қуантпайды. Ең мықты деген Пепенің өзі жасы 35 ке келді. Оның үстіне ірі чемпионаттардан алыста, түркиялық «Бешикташ» сапында жүр. Пепеден кейін деп бағаланған Жозе Фонте биыл Қытай асып кетті. Бруну Алвештің жасы 36-да. Ал қос қапталдағы қорғаушы Седрик Суариш пен Рафаэл Геррейру де анау айтқандай атақты футболшылар емес.

âпоÑÑÑÐ³Ð°Ð»Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑнаÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Топтағы жағдайы:

Португалия құрамасы Әлем чемпионатында Испания, Марокко және Иран құрамаларымен бірге В тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда португалиялықтардың топтан шығуға әбден мүмкіндігі бар. Испания құрамасын айтпағанда қалған екеуі Криштианудың командасына көп қиындық тудырмаса керек.

Португалия – Испания

Топтағы басты бәсекелестер бірінші ойында кездесіп отыр. Бір жақсысы өзге екі кездесулері қалай өтетінін білмегендіктен қос мықты осы матчта барын салатын болады. Бұл жанкүйерлер үшін қуанышты жағдай.

Екеуі де Еуропаның ежелгі елі. Сол үшін де болар тарихта 35 мәрте кездескен екен. Бұл жұпта испаниялықтардың бәсі жоғары тұр. Испания 16 Мәрте, Португалия 13 мәрте жеңіске жеткен. Қалған 6 ойын тең аяқталған. Бірақ, Әлем чемпионатында бір рет ғана жолдары түйіскен. 2010 жылы Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл кездесу 16 маусым Астана уақыты 00:00-де Сочи қаласындағы «Олимпиадалық» стадионда өтеді.

Португалия – Марокко

Бұл командалар бір мәрте кездескен. Ол ойында африкалық команданың жолы болған екен.

Кездесу 20 маусым күні Астана уақыты сағат 18:00-де Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді.

Португалия – Иран

Қос команданың жолы тарихта екі мәрте түйіскен. Екеуінде де еуропалық команда жеңіске жеткен.

Бұл ойын 16 маусым Астана уақыты 00:00-де «Мордовия» стадионында өтеді.

Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер