1XBET - ставки на спорт

Бүгін теннистен «Уимблдон» турнирі басталады

Бүгін теннистен «Уимблдон» турнирі басталады

Бүгін, 29 маусымда Лондонда теннистен «Уимблдон» турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Айта кетейік, 12 шілдеге дейін жалғасатын «Үлкен дулыға» жарысында Қазақстан намысын жекелей сында ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко, әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қорғайды. Ал жұптық бәсекеде ел үздігі Анна Данилина бақ сынайды.

Қазақстан атынан бүгін кортқа Юлия Путинцева (WTA: №84) мен Александр Шевченко (ATP: №99) шығады. 

Юлия Путинцева рейтингіде 112-сатыдағы германиялық Татьяна Мариямен кездеседі. Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. 

Ал Александр Шевченко әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды. Бұл кездесу 18:30-ға жоспарланған. 

Кездесулерді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. 

Лондонда «Үлкен дулыға» жарысы басталады

Уимблдон теннисшілердің талабын орындады

Уимблдон турниріне 45 жастағы теннисші қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или