1XBET - ставки на спорт

Ертең Лондонда «Үлкен дулыға» жарысы басталады

Ертең Лондонда «Үлкен дулыға» жарысы басталады

Ертең, 29 маусымда Лондонда 2026 жылғы Уимблдон турнирінің жалауы көтеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 шілдеге дейін жалғасатын «Үлкен дулыға» жарысында Қазақстан намысын жекелей сында ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко, әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қорғайды. Ал жұптық бәсекеде ел үздігі Анна Данилина бақ сынайды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы, Уимблдон жарысының 2022 жылғы чемпионы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін рейтингіде 154-орындағы франциялық Луа Буассонмен өткізеді. Франциялық теннисші рейтингіде төмен тұрғанымен, өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде айды аспанға шығарып, жартылай финалға дейін жетті.

Әлемнің 85-ракетасы Юлия Путинцева рейтингіде 112-сатыдағы германиялық Татьяна Мариядан өтуге тырысып көреді. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 11-ракетасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингіде 492-орындағы аустралиялық Танаси Коккинакиспен шеберлік байқасады. 

Рейтингіде 92-орындағы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды. Ол әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды. 

Өткен жылы Уимблдонда Е.Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ал қалған үшеуі алғашқы кездесулерінде-ақ жеңіліп қалған болатын. Биыл қазақстандық теннисшілер жылдың үшінші «Үлкен дулыға» додасында сәтті өнер көрсетсе, рейтингілік ұпай жинап, жағдайларын жақсарта алады. 

Қазақстандық теннис жанкүйерлері әлемдегі ең беделді теннис додаларының бірі – Уимблдон турнирін «QAZSPORT» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Уимблдон теннисшілердің талабын орындады

Уимблдон турниріне 45 жастағы теннисші қатысады

Елена Рыбакина Уимблдон алдында Лондонда сұқбат берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или