Қазақстандық құзға өрмелеушілер әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстандық құзға өрмелеушілер әлем кубогы кезеңіне қатысады

Халықаралық құзға өрмелеу федерациясы Краковта (Польша) өтетін әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының өтініміне сегіз спортшы енді.

Краковтағы ірі халықаралық жарыста Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Рашид Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Тамара Олжабаева, Анна Баларшина және Арина Новицкая ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, қазақстандық құзға өрмелеушілер жекелей сындарда да, эстафеталық жарыстарда да бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 3-5 шілде аралығында өтеді.

Қазақстандық мерген әлем чемпионы атанды

Қазақстандық альпинистер Денали шыңын бағындырды

Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде 18 медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или