Қазақстандық таеквондошылар Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алды

Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері қатарында Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) бар.

Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін), Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) иеленді.

Қола медальді Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін), Нұрлы Кеңесбек (73 келіге дейін) және Ақсәуле Ерқасымова (73 келіден жоғары) жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін, 23 маусымда жастар құрамалары арасындағы жарыстар өтеді.

Қазақстан жүзуден Әлем кубогының суперфиналында жүлде жеңіп алды


Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или