Қазақстандық альпинистер Америкадағы шыңды бағындырды

Қазақстандық альпинистер Америкадағы шыңды бағындырды

Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы — Денали шыңын бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz

6190 метр биіктікте қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.

Экспедицияның сәтті аяқталуы әскери альпинистердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рухының мықтылығын көрсетті. Денали шыңын бағындыру олардың физикалық және психологиялық дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеп, отансүйгіштік, ерлік пен табандылық қасиеттерін тағы бір мәрте айшықтады.

Айта кетейік, Denali шыңы АҚШ-тың Alaska штатында орналасқан. Ол Солтүстік Американың ең биік нүктесі саналады және ұлттық парк пен қорық аумағына кіреді. Атабаска үндістерінің тілінде «Денали» сөзі «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.

Тарихи алтын! Қазақстандық семсерші Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или