Франциялық спортшы қазақстандық теннисші секілді әдепсіз сөз қолданды

Франциялық спортшы қазақстандық теннисші секілді әдепсіз сөз қолданды

Франциялық теннисші, әлемнің 36-ракеткасы Корентен Муте Лондонда өткен ATP-500 турнирінен кейінгі сұхбатта әдепсіз сөз қолданғаны үшін қомақты айыппұлға тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол матчтан кейінгі сұхбат барысында тікелей эфирде бірнеше рет бейәдеп сөз айтқан. Осы әрекеті үшін ATP ұйымы спортшыға 40 мың доллар көлемінде айыппұл салды.

Муте бұл шешіммен келіспейтінін айтып, апелляция беретінін мәлімдеді. Егер шағымы қанағаттандырылмаса, ол турнирден тапқан 43,6 мың доллар сыйақының басым бөлігін жоғалтады.

Айта кетелік, мұндай эмоциялық әрекеттер танымал қазақстандық теннисші Александр Бубликте де бар.  Алайда ол көбіне ойын кезінде ғана көрсетеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или