Құламбаева Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Құламбаева Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қзақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 479-орында) Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Құламбаева франциялық Селена Яничевичтен (244-орын) жеңілді.  1 сағат 44 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Жекелей сында жарысты аяқтағанымен, қазақстандық теннисші жұптық сында жарысты жалғастырады. Құламбаева жұптық сында жартылай финалда өнер көрсетеді.

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или