Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирді сенімді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева Унин (Қытай) ITF W100 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 189-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, қытайлық Есинь Маға қарсы айқын басымдылық танытты – 6:3, 6:1. Бәсеке 1 сағат 15 минутта аяқталды. Соня Жиенбаеваның келесі қарсыласы кейін белгілі болады.
Бір апта бұрын С. Жиенбаева осы Униндегі ITF W50 додасында ширек финалға дейін жеткен болатын. Соның нәтижесінде кеше жаңартылған WTA рейтингісінде 1 037-ден 902-орынға көтерілді.
Өткен аптада Кайсери (Түркия) ITF W15 турнирінің ширек финалына дейін жеткен тағы бір қазақстандық, 20 жастағы Асылжан Арыстанбекова да әлемдік рейтингіде 1 047-ден 953-сатыға шықты.
Александр Бублик Штутгарт ATP 250 турнирінде бақ сынайды
Рыбакинаның Лондондағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды