Александр Зверев «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті
Әлемнің 3-ракеткасы Александр Зверев 2026 жылғы Франция ашық чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда неміс спортшысы ATP рейтингінде 14-орында тұрған италиялық Флавио Коболлимен кездесіп, 6:1, 4:6, 6:4, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 4 сағат 19 минутқа созылды.
Бұл 29 жастағы неміс теннисшісінің алғашқы «Үлкен дулыға» титулы болды. Ол бұған дейін үш ірі финалда жеңіліп қалған болатын. Бұл Зверевтің мансабындағы 25-ATP титулы.
24 жастағы Коболли өзінің алғашқы «Үлкен дулыға» финалына шықты. Бұл нәтиже италиялықты әлемдік рейтингте 14-орынға көтеріп, қазақстандық Александр Бубликті басып озды. Ал Зверев ATP рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды.
Анна Данилинаның «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
Елена Рыбакинаның Лондонда өтетін турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды
Бублик әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығып қалады