«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы қайта оралмақ

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы қайта оралмақ

Әлемдік теннистің аңызы, «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы Серена ұзақ үзілістен кейін қайтадан жарысқа қатыспақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

44 жастағы америкалық спортшы Германияның Берлин қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге арнайы шақырту алды. Жарыс 15-21 маусым аралығында өтеді.

Турнир ұйымдастырушылары Серенаның оралуын қуанышпен қарсы алып, оны теннис тарихындағы ең ұлы спортшылардың бірі деп атады.

Әзірге Уильямстың жекелей сында ма, әлде жұптық сында ма өнер көрсететіні нақты айтылған жоқ. Бұған дейін оның Лондонда өтетін WTA 500 турнирінде жұптық разрядта ойнайтыны белгілі болған еді.

Айта кетелік, Серена Уильямс соңғы ресми матчын 2022 жылы АҚШ ашық чемпионатында өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или