Қазақстандық ескек есушілер Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуде
Қазақстан командасы Түркістандағы байдарка мен каноэде ескек есуден юниорлар, U23 жас санаты мен параканоэден Азия чемпионатының 3-жарыс күнін тағы жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Таңғы сессияда спортшыларымыз 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленгенін жазғанбыз.
Ал күндізгі жарыс бөлігінде тағы 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалады. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Алтын алғандар:
- Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 200 метр)
- Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 200 метр)
- Тимофей Таранов, Даниил Коляда (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
- Егор Краснонос, Дмитрий Холмогоров (байдарка, U23, 500 метр)
- Байдаркадан U18 жас ұлдар командасы (500 метр) Мадияр Қанекен, Алексей Ширман, Нұртілек Иман мен Никон Дергунов.
- Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 500 метр)
- Байдаркадан U18 Қазақстан қыздар командасы (500 метр) Эвелина Костенко, Анна Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер.
- Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 500 метр)
Күміс алғандар:
- Каноэ, U18 жас Қазақстан ұлдар командасы (500 метр) Дәулет Шалдар, Руслан Федотов, Әділбек Исроилов пен Савелий Лыжин.
- Владислав Руденко, Полат Төребеков (каноэ, U23, 500 метр)
Қола алғандар:
- Зоя Прядка, Злата Прядка (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
- Каноэден U18 Қазақстан қыздар командасы, 500 метр (Милана Абдубаева, Ксения Сломинская, София Гизенка, Ульяна Иванова)
Бүгін, 7 маусым Азия чемпионатының шешуші жарыс күні. Айта кетейік, Түркістандағы құрлық бәсекесіне 15 елден 300-ге жуық ескек есу шебері жиналды.
Қазақстандық ескек есушілер халықаралық жарыста алтын жүлде жеңіп алды
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 халықаралық турнирінде чемпион атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или