Қазақстандық ескек есушілер халықаралық жарыста топ жарды
Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.
Сондай-ақ кеше ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.
Александра Ле толыққанды жаттығу жасап бастады
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 халықаралық турнирінде чемпион атанды
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде қанша табыс тапты?