Бибісара Асаубаева қомақты қаржы иеленді

Бибісара Асаубаева қомақты қаржы иеленді

Қазақстандық шахматшы Norway Chess-2026 турнирінде чемпион атанып, қомақты жүлде қорын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, бірінші орын үшін 700 000 норвегиялық крона қарастырылған. Бұл сома қазіргі курс бойынша шамамен 36,4 миллион теңгеге тең.

Асаубаева жарысты мерзімінен бұрын жеңіп, соңғы турға дейін чемпиондықты қамтамасыз етті. Ол 16,5 ұпай жинап, көш басында тұрды. Екінші орында тұрған украиналық Анна Музычук 11,5 ұпаймен артта қалды.

Айта кетелік, жалпы турнирдің жүлде қоры 1,69 миллион норвегиялық крона. Екінші орынға 350 мың, үшінші орынға 200 мың крона беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или