Жартылай финалда екінші жеңіс тіркелді
Қазақстан футзал чемпионатының жартылай финалында «Семей» клубы «Атырауды» екінші рет жеңіп, финалға шығуға бір қадам жақындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші кездесуде семейлік команда өз алаңында қарсыласын 3:1 есебімен ұтты. Ойын барысында «Семей» басымдықты толық бақылауда ұстап, шабуылдарын нәтижелі аяқтады. Гол авторлары – Дедезиньо, Бруно Гомеш және Педро Фариас. Қонақтар сапынан жалғыз голды Джоната соқты.
Осылайша, жартылай финал сериясында есеп 2:0 болып, «Семей» үш жеңіске дейін жалғасатын бәсекеде айқын алға шықты. Бұған дейін алғашқы ойында олар «Атырауды» 6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Айта кетелік, келесі үшінші матч 9 маусым күні Атырауда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или