Футзалдан ӘЧ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады
Бүгін, 19 маусым күні футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің негізгі раундына жеребе тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеребе нәтижесінде 36 құрама 12 топқа бөлінетін болады. Негізгі раундта командалар бір-бірімен өз алаңында және түзде ойнап, екі айналымдық жүйеде сынға түседі. Бұл кезеңнің матчтары 2026 жылдың қазанынан 2027 жылдың наурызына дейін жалғаспақ.
Барлық топ жеңімпаздары мен екінші орын алған құрамалар арасындағы үздік төрт команда тікелей элиталық раундқа жолдама алады.
Ал қалған сегіз құрама элиталық кезеңнің тағы төрт жолдамасын өтпелі ойындарда сарапқа салады. Қосымша жеребе арқылы жұптар анықталып, командалар өз алаңында және сырт алаңда екі матчтан өткізеді.
2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық раунды 2027 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді.
Қазақстан чемпионаты: Финалдa кездесетін командалар анықталды