1XBET - ставки на спорт

Қазақстан чемпионатының финалында «Қайрат» пен «Семей» кездеседі

Қазақстан чемпионатының финалында «Қайрат» пен «Семей» кездеседі

2025/2026 маусымдағы Қазақстан футзал чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» пен «Семей» турнирдің алтын медалі үшін бақ сынасады.

Екі команда да жартылай финалдан сенімді түрде өтті. «Семей» үш ойында «Атырауды» жеңді (6:0, 3:1, 7:0), ал «Қайрат» «Ақтөбе» командасын 7:5, 7:4 және 5:2 есебімен қапы қалдырды.

«Қайрат» - Қазақстанның қазіргі чемпионы. Енді алматылық клуб чемпиондық титулын қорғауға тырысады. Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы командалардың бірі үш ойында жеңіске жеткенше жалғасады.

«Атырау» мен «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады.


Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде қанша табыс тапты?


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или