1XBET - ставки на спорт

«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчы 7:4 есебімен аяқталды

«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчы 7:4 есебімен аяқталды

Алматының «Қайрат» клубы Қазақстан футзал чемпионатының жартылай финалында «Ақтөбені» екінші рет жеңіп, финалға шығуға бір қадам жақындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші матч Алматыда өтіп, алаң иелері 7:4 есебімен басым түсті.

Кездесу басында қонақтар белсенді болып, 7-минутта 2:0 есебімен алға шықты. Голдарды Асхат Күлбаев пен Нұрабек Қабылбаев соқты. Алайда бірінші тайм соңына дейін «Қайрат» таразы басын теңестіріп үлгерді — Уго Невеш пен Эдсон Сантос мергендік танытты.

Екінші таймда Эдсон Сантос дубль жасап, ал Кайо Лаврати алматылықтардың басымдығын арттырды. Кейін Нұрқанат Бахтияров есеп айырмасын қысқартты, ал Қайрат Иманалин дабл-пенальтиден гол соғып, таразы басын қайта теңестірді.

Дегенмен келесі шабуылда Дәурен Тұрсағұлов «Қайратты» қайта алға шығарды. Одан кейін Уго Невеш тағы екі гол соғып, хет-трик авторы атанды және қорытынды есепті орнатты — 7:4.

Айта кетелік, «Қайрат» серияда 2:0 есебімен алға шықты. Үшінші матч 9 маусымда Ақтөбеде өтеді.

Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде қанша табыс тапты?




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или