Қазақстан құрамасы Беларусьпен өтетін матчқа қатысатын құрамын жариялады
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Беларуське қарсы сырт алаңдағы матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Ұлттық құрама сапына 19 футзалшы енді.
Қақпашылар: Игита, Талғат Өтепбергенов, Нарун Серіков.
Алаң ойыншылары: Біржан Оразов, Жахангир Рашит, Арнольд Кнауб, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас, Эдсон, Дамир Қайырбай, Нұрқанат Бақтияров, Александр Дерябин, Ринат Торегазин, Альберт Ақбаликов, Азат Валиуллин, Дәурен Тұрсағұлов.
Айта кетейік, іріктеу кезеңіндегі алдыңғы кездесуде Қазақстан құрамасы Беларусь футзалшыларын 5:4 есебімен жеңген болатын.
Төртінші тур аясындағы қарымта матч 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Словакияның Гуменне қаласында өтеді. Астана уақытымен кездесу 00:00-де басталады.