Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатына Еуропа аймағындағы іріктеу турнирі негізгі кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жеребе нәтижесінде Қазақстан 6-топқа түсті, қарсыластары - Беларусь пен Албания.

Іріктеудің негізгі кезеңіне 36 команда қатысады, олар үш командадан 12 топқа бөлінеді. Қарсыластар өзара өз алаңында және сырт алаңда матч өткізеді.

Негізгі кезеңнің ойындары 2026 жылы қазаннан 2027 жылы наурызға дейін өтеді.

12 топтың жеңімпаздары және екінші орын алған құрамалар арасындағы нәтижесі ең жақсы төрт команда тікелей элиталық кезеңге жолдама алады. Екінші орын алған өзге сегіз команда элиталық кезең жолдамасын алу үшін плей-оффқа қатысады. 

Қазақстан чемпионаты: Финалдa кездесетін командалар анықталды

«Қайрат» қатарына «Семей» ойыншысы қосылуы мүмкін

«Семей» финалға бір қадам жақындады 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или