«Семей» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жеңіске жетті

«Семей» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жеңіске жетті

Қазақстандық «Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта украиналық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Молдованың Чореску қаласындағы «Футзал Арена МФФ» спорт кешенінде өтті. Матчқа испаниялық төреші Хуан Гальярдо қазылық етті.

Кездесудің 7-минутында «Семей» ойыншысы Фернан есеп ашса, 18-минутта Эдуард Нагорный таразы басын теңестірді.

Екінші таймның 24-минутында Давид Калашник қызыл қағаз алып, украиналық команда азшылықта қалды. Екі минуттан кейін Педриньо сан басымдығын пайдаланып, қазақстандық клубты алға шығарды.

35-минутта Олег Выставной есепті қайта теңестірді. Алайда бір минуттан кейін Богдан Мещеряков алаңнан қуылып, «Атлетик» тағы да азшылықта қалды. 38-минутта Педриньо дубль жасап, «Семейге» жеңіс сыйлады.

Ширек финалға жолдама иегері анықталатын қарымта кездесу 5 желтоқсанда «Семейдің» өз алаңында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама