Қазақстан құрамасы Беларусьпен өтетін матчқа құрамын жариялады
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларуське қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Игита, Талғат Өтепбергенов, Нарун Серіков.
Алаң ойыншылары: Біржан Оразов, Жахангир Рашит, Арнольд Кнауб, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас, Эдсон, Ержан Карменов, Нұрқанат Бақтияров, Александр Дерябин, Ринат Төрегазин, Альберт Ақбаликов, Азат Валиуллин, Дәурен Тұрсағұлов.
Ұлттық құрама матчқа дайындықты 10 қазанда Астанада бастайды. Беларусьпен кездесу 20 қазанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Құрамдағы басты жаңалық – Дуглас Жуниор Да Силва Негрейростың қайта оралуы. Бразилиялық футзалшы былтыр қыркүйекте ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді. Алайда енді Қазақстан құрамасы сапында қайта өнер көрсетуге дайын.
Дуглас ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2015 жылғы 15 қыркүйекте Босния және Герцеговинаға қарсы өткізді. Зеница қаласында өткен кездесу Қазақстан құрамасының 5:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Футзалшы ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 92 матч өткізіп, 65 гол соққан.