Қазақстан батуттағы гимнастикадан Швейцариядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Швейцариядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Ароза қаласында (Швейцария) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина, Евгения Чернышова қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 26-27 маусым аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен Азия чемпионатында жекелей сайыста Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болған. Ал Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов синхронды секіру сайысында күміс медаль жеңіп алған еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или