Бибісара Асаубаева - Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы
Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары:
- Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - қазіргі әлем чемпионы;
- Чжу Цзиньэр (Қытай) - әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;Хампи Конеру (Үндістан) - әлем шахматының белді өкілі;
- Анна Музычук (Украина) - «Norway Chess Women» турнирінің былтырғы жеңімпазы;
- Дивья Дешмукх (Үндістан) - әлем кубогының иегері.
Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде қанша табыс тапты?
Бибісара Асаубаева Норвегиядағы беделді турнирде көш бастап тұр
Бибісара Асаубаеваның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды