Қазақстандық шахматшы әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің жаңартылған әлемдік рейтингінде жетінші орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кипрдің Пафос қаласында өткен турнирден кейін қазақстандық шахматшы 11,2 ұпай жинап, екі орынға жоғарылап, әлемдік рейтингте 2527,2 ұпаймен жетінші орынға ие болды. Бибісара 2019 жылғы әлем чемпионы үндістандық Конеру Хумпидің алтыншы орыннан небәрі жеті ұпайға қалып отыр.
Үздік үштікте қытайлық шахматшылар Хоу Ифань (2596,0), Лей Тинцзе (2566,0) және Джу Вэньцзюнь (2559,0) тұр.
ФИДЕ-нің үздік 10 рейтингісі келесідей:
1. Хоу Ифань (Қытай) — 2596.0
2. Лей Тинцзе (Қытай) — 2566.0
3. Джу Вэньцзюнь (Қытай) — 2559.0
4. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 2546.0
5. Александра Горячкина (Ресей) — 2535.6
6. Хампи Конеру (Үндістан) — 2535.0
7. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) — 2527.2
8. Анна Музычук (Украина) — 2521.8
9. Тан Чжунъи (Қытай) — 2516.6
10. Екатерина Лагно (Ресей) — 2505.8
Ассаубаева Пафоста өткен 2026 жылғы үміткерлер турнирін 8 ұпаймен екінші орында аяқтады. Үндістандық шахматшы Рамешбабу Вайшали қазақстандық ойыншыны 0,5 ұпайға (8,5) басып озып, бірінші орынды иеленді.
Қазақстан Азиадада спорттық құзға өрмелеуден тарихи медаль жеңіп алды
Түркияда кәсіпқой бокс жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды
Спорттық құзға өрмелеушілер Ришат Хайбуллин мен Дамир Тоқтаров келесі кезеңге жолдама алды