Трабзондағы жекпе-жектен кейінгі жаппай төбелес: кінәлілер қатаң жазаланады
Түркияда бокс кешінен кейін болған жаппай төбелес үлкен дауға айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елдің кәсіби бокс комиссиясы оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.
Оқиға Трабзон қаласында өткен жекпе-жектен кейін орын алған. Ресейлік боксшы Сергей Горохов қарсыласы Эмирхан Калкан үстінен жеңіске жеткен соң, наразы жанкүйерлер рингке жүгіріп шығып, жаппай төбелеске ұласқан.
Түркия кәсіпқой бокс комиссиясы бұл жағдайды спорт беделіне дақ түсіру деп бағалап отыр.
Айта кетелік, ұйым өкілдері кінәлілерге қатаң шара қолданылатынын және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілетінін атап өтті.
Жәнібек Әлімханұлының белбеуіне қауіп төніп тұр
Түркияда кәсіпқой бокс жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды
Қазақстандық боксшы Германиядағы жекпе-жегін жариялады
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті
Жарасқызы жартылай финалда жеңілді