Евгений Павлов АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (10-0, 8 КО) АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында өткен кәсіби бокс кешінде рингке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Павлов америкалық кіші Антонио Дантон Альмен (6-5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Супер жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек төрешілер шешімімен Евгенийдің пайдасына аяқталды.
Бұл Евгений Павловтың кәсіби рингтегі он бірінші жеңісі, ал Антонионың алтыншы жеңілісі.
Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или