Виктор Темиров Германияда кезекті жекпе-жегін өткізеді

Виктор Темиров Германияда кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (10-0, 7 КО) рингке оралатын күнін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 мамырда Германияның Гамбург қаласында Темиров венесуэлалық боксшы Карлос Риверомен (32-12-1, 21 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жек бұрын тек BoxRec.com сайтында жарияланған болатын.

«Достар, баршаңызға сәлем. Мен қазір соңғы жаттығуымды өткізіп жатырмын және бүгін кешке алдағы жекпе-жегіме Германияға ұшып барамын. Кейбір мәселелерім болғандықтан, жекпе-жек туралы ештеңе жарияламадым. Бірақ қазір бәрі жақсы. Сондықтан, 1 мамырда Гамбургте 11-ші жекпе-жегімді өткіземін», - деді Темиров.

Виктор Темиров соңғы жекпе-жегін ақпан айында өткізіп, неміс Доминик Арнольдты (5-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді. 


Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Адамес Әлімханұлына қатысты батыл мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или