Қазақстан боксшысы қола жүлдемен аяқтады

Қазақстан боксшысы қола жүлдемен аяқтады

Қазақстандық боксшы Жібек Жарасқызы Бразилияда өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының бірінші кезеңінде жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақта ол польшалық Эмилия Котерскамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) қарсылас жеңіске жетті.

Осылайша Котерска финалға шығып, алтын медаль үшін күреседі. Ал Жарасқызы турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан атынан тағы үш боксшы өнер көрсетіп жатыр: Алуа Балкибекова (51 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Аида Абикеева (65 кг). Ал Валерия Аксенова (80+ кг) финалда тікелей жұдырықтасады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или