Қазақстан Азиадада спорттық құзға өрмелеуден тарихи медаль жеңіп алды

Қазақстан Азиадада спорттық құзға өрмелеуден тарихи медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин жағажайдағы Азия ойындарында қола медаль иеленіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жарыста Хайбуллин бірнеше кезеңнен сәтті өтіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ол 1/8 финалда отандасы Дамир Тоқтаровты жеңсе, кейін қытайлық Цзян Гоны жарыстан шығарды. Алайда жартылай финалда индонезиялық Робби Аль Хильмиге жол берді.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы қытайлық Шоухун Чуды 4,81 секунд нәтижемен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетелік, аталмыш жетістікпен Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлде саны алтыға жетті.


Түркияда кәсіпқой бокс жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды

Спорттық құзға өрмелеушілер Ришат Хайбуллин мен Дамир Тоқтаров келесі кезеңге жолдама алды

Жағажайдағы Азия ойындары: Екі қазақстандық құзға өрмелеуден 1/8 финалға өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или