Бибісара Асаубаева спорт саласындағы қолдау жүйесіне көңілі толмайтынын айтты

Бибісара Асаубаева спорт саласындағы қолдау жүйесіне көңілі толмайтынын айтты

Шахматшы Бибісара Асаубаева спорт саласындағы қолдау жүйесіне көңілі толмайтынын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының айтуынша, жақында өткен Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жеткеніне қарамастан, жарыс алдындағы дайындық жеке қаражат есебінен жүргізілген. Сондай-ақ ол секунданттар мен аналитиктердің еңбекақысы әлі төленбегенін мәлімдеді.

Асаубаева спорт министрлігі тарапынан көрсетілетін қолдаудың жеткіліксіз екенін, жалақысының бірнеше есе қысқарғанын және бірқатар қаржылық міндеттемелердің орындалмағанын атап өтті. Сонымен қатар ол өзіне берілген мемлекеттік марапатты да әлі күнге дейін ала алмағанын жеткізді.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде 16,5 ұпай жинап, аталған беделді жарыста жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.

Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 халықаралық турнирінде чемпион атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или