Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды

Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сайлауда оның кандидатурасын 110 дауыс беруші қолдады.

Дауыс беру Самарқандта өткен ФИДЕ Бас ассамблеясы аясында өтті. Турловтың ұйым басшылығы үшін басты қарсыласы Германия өкілі Вадим Розенштейн болды.

ФИДЕ-нің жаңа президенті 38 жаста. Турлов 2022 жылға дейін Ресей азаматы болған. Кейін Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алды. Сонымен қатар кәсіпкердің Сент-Китс және Невис азаматтығы бар.

Турловқа дейін Халықаралық шахмат федерациясын Аркадий Дворкович басқарды. 23 шілдеде Еуропалық одақ ресейлік саясаткерді санкциялық тізімге енгізгеннен кейін, Дворкович президенттік міндеттерін өз еркімен уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или