Қазақстандық шахматшы әлемдік жұлдыздарға қарсы лайықты өнер көрсетті
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рапид және блиц бойынша 19 жастағы қазақстандық шахматшы алдымен Магнус Карлсен командасын жеңуге үлес қосып, әлем чемпионы Александра Костенюкті тізе бүктірді.
Кейін қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, одан кейін өзбекстандық Гулрухбегим Тохиржонова мен Әлем кубогының жеңімпазы Дивья Дешмухты жеңді. Алуа турнирді әлемнің ең тәжірибелі шахматшыларының бірі Харика Дронаваллимен тең нәтижемен аяқтады.
Нәтижесінде, қазақстандық шахматшы өнер көрсететін Barys командасы 9-орынға ие болса, Алуа Нұрман әйелдер тақтасында күміс жүлдегер атанды.
Асаубаева спорт министрлігінің ұстанымын сынға алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или