WBA рейтинг жаңартты
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаттары бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшылар келесі орындарды иеленіп отыр:
Супер орта салмақта 11-ші орында тұрған Бек Нұрмағанбет рейтингтен шығып қалды.
WBA Азия чемпионы Руслан Мәдиев жартылай орта салмақта тоғызыншы орыннан бір саты жоғарылады.
Супер жартылай орта салмақта Сұлтан Зәуірбек рейтингте төртінші орында қалып отыр. Бұл салмақта бірінші орын бос тұр; марокколық Муса Голам мен британдық Джеймс Диккенс сәйкесінше екінші және үшінші орында. WBA әлем чемпионы - ирландиялық Энтони Какайес.
WBA Азия жартылай орта салмақтағы чемпионы Елшат Нығметолла сегізіншіден жетіншіге көтерілді.
Қазақ боксшысы Майамиде америкалықтың сазайын берді