Рахмонов пен Алмабаев бокстан тәжірибе алмасты

Рахмонов пен Алмабаев бокстан тәжірибе алмасты

Қазақстандық UFC жауынгерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев жаттығу кезінде бокстан спарринг өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кадрлардан екі спортшының бокс қолғаптарымен қарқынды жұмыс істегенін көруге болады. Бұл спарринг олардың бірлескен жаттығу сессиясында өткен.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Ирландия өкілі Иэн Гэрриді жеңген болатын. Ол кейін тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзіліс алды.

Ал Асу Алмабаев соңғы рет 2025 жылдың қарашасында октагонға шығып, америкалық Алекс Пересті жеңді.

Айта кетелік, оның келесі жекпе-жегі 27 маусымда Чарльз Джонсонға қарсы өтеді.

19 жастағы қазақстандық OCTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или