Дмитрий Гренц «Торпедо» сапына қалады
Қазақстан хоккей чемпионатындағы «Торпедо» клубы үздік хоккейшілерінің бірі Дмитрий Гренцті қатарында қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда орталық ойыншы 54 тұрақты маусым ойынында 17 гол соғып, 46 нәтижелі пас берді. Плей-оффтың 12 ойынында «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы 17 ұпай жинады.
Бұған дейін «Торпедо» жаңа бас бапкер Алексей Ждахиннің тағайындалғанын және 31 жастағы қақпашы Сергей Кудрявцевтің оралғанын хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или