Томпсон астаналық клубта тағы бір маусым ойнайды
«Барыс» америкалық шабуылшы Тайс Томпсонмен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Өткен маусымда Томпсон командадағы ең нәтижелі бес хоккейшінің қатарына кіріп, астаналық клубтың үшінші мергені атанды.
Оның еншісінде 15 шайба мен 10 нәтижелі пас бар. Мұз айдынындағы орташа уақыты 19 минут 15 секундты құрады.
Тайстың үш шайбасы «Барысқа» жеңіс әкелген. Бұл командадағы екінші үздік көрсеткіш болды.
Клубтың бас менеджері Леонид Метальников америкалық хоккейшіні нағыз кәсіби әрі ұжымдағы атмосфераға оң әсер ететін ойыншы деп атады.
Сондай-ақ ол Томпсонның әлі жас екенін, үнемі күреске дайын жүретінін және клуб оның әлеуетіне сенетінін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или