Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде жеті сатыға төмендеді

Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде жеті сатыға төмендеді

«Чемпионат» порталы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) клубтарының бас бапкерлері арасындағы апталық рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мамандардың жұмысына баға беру кезінде командалардың нәтижелері, көрсетіп жүрген ойынының сапасы, клуб басшылығының сенімі және қоғамдық пікір ескеріледі.

Аптаның басты жеңімпазы – «Нефтехимик» клубының бас бапкері Игорь Гришин. Ол рейтингте сегізінші орыннан бірінші сатыға көтерілді. Екінші орынға «Шанхай Дрэгонс» командасының бапкері Митч Лав жайғасып, бірден 12 сатыға жоғарылады. Үздік үштікті ЦСКА бас бапкері Игорь Никитин түйіндеді.

Бұған дейін рейтинг көшін бастаған «Северсталь» бапкері Андрей Козырев жетінші орынға түсіп қалды.

Ал астаналық «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец жеті сатыға төмендеп, оныншы орынға жайғасты.

Рейтингтің соңғы орындарын Мәскеудің «Динамо» клубының бапкері Леонид Тамбиев (21-орын) мен «Лада» командасының өкілі Игорь Горбенко иеленді.

ҚХЛ бапкерлерінің жаңартылған рейтингі:

1. Игорь Гришин («Нефтехимик») – бұрынғы орны: 8

2. Митч Лав («Шанхай Дрэгонс») – бұрынғы орны: 14

3. Игорь Никитин (ЦСКА) – бұрынғы орны: 2

4. Алексей Жамнов («Спартак») – бұрынғы орны: 10

5. Александр Андриевский («Амур») – бұрынғы орны: 9

6. Дмитрий Квартальнов («Локомотив») – бұрынғы орны: 6

7. Андрей Козырев («Северсталь») – бұрынғы орны: 1

8. Алексей Исаков («Торпедо») – бұрынғы орны: 5

9. Виктор Козлов («Салават Юлаев») – бұрынғы орны: 7

10. Михаил Кравец («Барыс») – бұрынғы орны: 3

11. Константин Шафранов («Металлург»)

12. Олег Браташ («Адмирал») – бұрынғы орны: 13

13. Алексей Кудашов («Автомобилист») – бұрынғы орны: 19

14. Анвар Гатиятулин («Ак Барс») – бұрынғы орны: 11

15. Андрей Разин (СКА)

16. Скотт Гордон («Трактор») – бұрынғы орны: 17

17. Сергей Брылин («Динамо», Минск) – бұрынғы орны: 18

18. Ярослав Люзенков («Сібір») – бұрынғы орны: 12

19. Ги Буше («Авангард») – бұрынғы орны: 16

20. Андрей Миронов («Сочи») – бұрынғы орны: 21

21. Леонид Тамбиев («Динамо», Мәскеу) – бұрынғы орны: 20

22. Игорь Горбенко («Лада») – бұрынғы орны: 15.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама