«Барыс» америкалық қақпашымен қоштасуы мүмкін

«Барыс» америкалық қақпашымен қоштасуы мүмкін

Астаналық «Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен жақын арада қоштасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы қақпашының өнеріне көңілі толмай, хоккейшімен әріптестікті тоқтатуды жоспарлап отыр.

30 жастағы Шепард осы маусымда ҚХЛ тұрақты чемпионатында 10 матч өткізді. Бұл кездесулерде ол қарсыластарының соққыларының 86,5 пайызын қайтарып, бір ойында орта есеппен 3,36 шайба өткізіп алған.

Америкалық қақпашы негізгі құрамдағы орын үшін бәсекеде Андрей Шутовқа жол берді. Оның үстіне, Шепардтың сенімділік коэффициенті мен шамамен 214,4 миллион теңге болатын жалақысын ескерсек, оны командада ұстау клуб үшін тиімсіз болуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или