Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде алтыншы орында қалды

Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде алтыншы орында қалды

«Чемпионат» басылымы 2026/2027 жылғы маусымдағы ҚХЛ бас бапкерлерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингті жасау кезінде клуб басшылығының сенімі, командалардың нәтижелері, ойын сапасы және қоғамдық пікір ескерілген.

Астаналық «Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец тізімде алтыншы орынға жайғасты. Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда оның позициясы өзгерген жоқ.

Қазіргі маусымда «Барыс» Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағына кіру үшін күресіп жатыр. Астаналық клуб 14 матчтан кейін 16 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр. Соңғы ойында Кравец шәкірттері «Сібірге» 2:3 есебімен жол беріп, қатарынан үш матчқа созылған жеңіс сериясын үзді.

ҚХЛ бапкерлерінің рейтингі

  1. Андрей Козырев («Северсталь») — бұрынғы орны: 12

  2. Игорь Никитин (ЦСКА) — бұрынғы орны: 3

  3. Александр Андриевский («Амур») — бұрынғы орны: 11

  4. Алексей Исаков («Торпедо») — бұрынғы орны: 1

  5. Игорь Гришин («Нефтехимик») — бұрынғы орны: 2

  6. Михаил Кравец («Барыс») — бұрынғы орны: 6

  7. Дмитрий Квартальнов («Локомотив») — бұрынғы орны: 8

  8. Митч Лав («Шанхай Дрэгонс») — бұрынғы орны: 9

  9. Владимир Воробьев («Металлург») — бұрынғы рейтингте болмаған

  10. Олег Браташ («Адмирал») — бұрынғы орны: 15


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или