«Барыстың» екі қорғаушысы ҚХЛ-дің үздіктер рейтингіне енді
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) қыркүйек айындағы үздік күштік әдістер рейтингін жариялады. Үздік ондыққа «Барыстың» екі қорғаушысы енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джейк Масси рейтингте бесінші орынға тұрақтаса, Логан Дэй сегізінші сатыға жайғасты.
Қазіргі уақытта «Барыс» Шығыс конференциясында 12 матчтан кейін 14 ұпай жинап, жетінші орында келеді. Команда соңғы ойынын сырт алаңда мәскеулік «Спартакқа» қарсы өткізіп, буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или