«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Металлург» матчы алдында ерекше дайындалды

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Металлург» матчы алдында ерекше дайындалды

«Адмирал» командасының бас бапкері Олег Браташ «теңізшілер» қақпашысы Джелал-Ад-Дин Әмірбековтің «Металлургке» қарсы матч алдындағы ерекше дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Владивостоктық клубтың бас бапкерінің сөзінше, Әмірбеков ойын басталар алдында бокс добымен спарринг жасап, оны қолымен және аяғымен бар күшімен ұрған. Осылайша қақпашы магнитогорлық командаға қарсы ойынға эмоционалды тұрғыда дайындалған.

Еске салайық, сәрсенбі күні «Адмирал» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы матчта «Металлургтен» 0:3 есебімен жеңілді.

Соған қарамастан, «Барыс» пен «Металлург» сапында ойнаған бұрынғы қақпашы Әмірбеков сенімді өнер көрсетіп, бірнеше әсерлі сейв жасады.

— Әмірбеков тәжірибелі қақпашылармен бәсекелесуге дайын екенін көрсетті ме?

— Сізбен келісемін.

— Әмірбековтің «Металлургке» ерекше дайындалғанын байқадыңыз ба? Ол бірдеңені дәлелдегісі келді ме?

— Иә. Ол ойын алдында бір бокс добын тепкілеп, оны қолымен де, аяғымен де қатты ұрды. Иә, сондай жағдай болды, — деп келтірді Браташтың сөзін «Матч ТВ».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или