Логан Дэй үш апта қорытындысы бойынша ҚХЛ-дың үздік ойыншысы атанды

Логан Дэй үш апта қорытындысы бойынша ҚХЛ-дың үздік ойыншысы атанды

«Барыс» қорғаушысы Логан Дэй 2026/27 жылғы маусымның соңғы үш аптасындағы ҚХЛ-дың үздік ойыншылары рейтингінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

KHL.ru жаңартқан рейтингте канадалық хоккейші 4,30 ұпай жинады. Екінші орынға «Шанхай Дрэгонс» командасының ойыншысы Райли Саттер (4,16), ал үшінші орынға «Металлург» қақпашысы Александр Смолин (3,99) орналасты.

Үздік ондыққа Сергей Плотников (СКА), Максим Дорожко («Амур»), Джейк Масси («Барыс»), Александр Самонов (ЦСКА), Никита Нестеров (ЦСКА), Семен Вязовой («Салават Юлаев») және Марат Хайруллин (ЦСКА) кірді.

Рейтинг көптеген статистикалық көрсеткіштерді ескере отырып жасалады. Қорғаушылар мен шабуылшылар үшін нәтижелілік, пайдалы әрекет коэффициенті, шайбаны тартып алу, күштік әдістер және соққыларды бұғаттау көрсеткіштері есепке алынады. Ал шабуылшылардың тең құрамда, көпшілікте және азшылықта соққан голдары да жеке бағаланады.

Қақпашыларды бағалау кезінде бір матчта қайтарылған соққылардың орташа саны мен өткізген шайбалары ескеріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или